Айту Жаубасарұлы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Айту Жаубасарұлы (17461790) — би, Балпық бидің шәкірті. Жас кезінен билік айтуға араласқан. Айтудың білгірлігі мен әділдігіне риза болған Балпық би оған “Айтудан айтар сөз артылмаған” деп баға берген. Жалайыр тайпасының Қалпе руынан шыққан.[1][2]

Айтудың басына ұрпақтары кесене орнатты (1997, Үштөбе-Көксу автомобиль жолының бойы, Оян ауылы). Кесененің биіктігі 12 м., аумағы 30 м2, күмбезі қос сатылы, төменгі қабаты 7 бұрышты. Сәулетшілері Бейсенбаева Ғ., Әлімжанов А.[3]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]