Айтбай Хангелдин

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту



Айтбай Хангелдин
Дүниеге келгені: 06.11.1906
Қызылорда облысы Сырдария ауданы Абай ауылы
Қайтыс болғаны: 1981
Мансабы: жазушы

Айтбай Хангелдин (1906 - 1981) - жазушы. Ташкенттегі қазақ халық ағарту институтын бітірген (1926). 2-дүниежүзі соғысқа қатысқан. Лақап аты – Ақық.[1]

Жетістіктер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1920 - 1930 жылдары Өзбекстан КП ОК-нің органы - "Еңбек" газетінде жұмыс істеген.

1930 - 1932 жылдары "Еңбекші қазақ" (қазіргі "Егемен Қазақстан") газеті редакциясында жұмыс істеген.

1932 - 42 жылдары республикалық Қазақ радиосы комитеттінде, т.б. мекемелерде жұмыс істеген.

1945 - 50 жылдары Қазақстан КП ОК-нің аппаратында жауапты қызметкер

1951 - 60 жылдары Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасында (қазіргі "Жазушы") аға редактор, редакция меңгерушісі, бас редактор қызметін атқарған.

Шығармашылар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

30–жылдар басында «Құрылыс жолында», «Еңбек етіңдер» сияқты өлеңдер жинақтары, «Маржан», «Ақан сері», «Қамалия», «Қыз жүрегі» поэмалары, т. б. жарық көрді. Алғашқы әңгімелер жинағы "Құрылыс" (1931) Ташкентте жарық көрген. Қаламынан «Алғыс», «Ерлік» әңгімелер жинағы, «Керемет» повесі, «Біздің оттар», «Қараторғай», «Біздің Ғани» романдары да туды. "Дудар-ай" (1947), "Арқалық" (1948), "Жайнақтың сыры" (1955) т.б. пьесалары республикалық, облыстық театрларда қойылған. Мектеп оқушыларына арналған Н.В. Гоголь, М.Горький, А.П. Чехов, С.Соболев, Мамин-Сибиряк, А.Ширванзаде, Лао Шэ, Хамза Ниязидың бірқатар шығармаларын қазақ тіліне аударған. [2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан жазушылары. Анықтамалық. Алматы, «Жазушы» баспасы, 1982, 253-ші бет
  2. “ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6