Азаматтық кодекс
![](http://chped.net/https/upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/e/e7/Code_Civil_1804.png/250px-Code_Civil_1804.png)
![](http://chped.net/https/upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/9/95/Countries_with_a_collection_of_laws_named_%27Civil_Code%27_or_similar.svg/250px-Countries_with_a_collection_of_laws_named_%27Civil_Code%27_or_similar.svg.png)
Азаматтық Кодекс — жүйеленген бірегей заңнамалық (низамдық) акт. Азаматтар мен заңды тұлғалардың қатысуымен пайда болатын мүліктік қарым-қатынастарды және осыған байланысты мүліктік емес жеке қарым-қатынастарды реттейді. Егер заң баптарында арнайы көзделмесе, бір тараптың екіншісіне әкімшілік. жолмен бағынуына негізделген мүліктік қарым-қатынастарға, әсіресе, салық жөніндегі және т. б. бюджеттік қарым-қатынастарға азаматтық заңдар қолданылмайды. Қазақ КСР-інің азаматтық Кодекі қабылданғанға дейін (1963) республикада жалпы одақтық азаматтық заң нормалары қолданылды. Ел экономикасының нарықтық қарым-қатынастарға көшуіне байланысты ҚР Азаматтық Кодексінің жалпы бөлігі қабылданды (1994 жылы 27 желтоқсанда). Ол үш бөлімнен: 1) жалпы ережелерден; 2) меншік құқысынан және т. б. заттық құқықтардан; 3) міндеттемелік құқықтан тұрады.[1]
Қазіргі уақытты қолданыста жүрген Қазақстан Республикасының Кодексі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылданды. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 2 бөлімнен тұрады: Жалпы және Ерекше.[2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7
- ↑ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ КОДЕКСI
![]() | Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]“Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы”, 1 - том