Абайдың суырып салма өлеңдері

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Алғашқы шығармалары ресми баспасөзде, «Дала уәлаяты газетінде» 1889 ж. ғана жарық көрген Абайдың өлең өнерімен тым ерте, балалық шағында-ақ айналысқаны белгілі. Халық ақындары мен әнші, жыршылардың, шешендердің өлең, жырларын, ертегі, қиссаларды, төгіліп тұрған шешендік сездерді кеп естіп ескен зерделі баланың ақындық сезімі ерте оянған. Табиғатында тілі уытты, ойы алғыр Абай кішкентайынан-ақ біреудің мінін кергіш, оқыстан уытты сөз тапқыш болған. Және ойына келген сөзін «мынау алыс, мынау жақын» демей, тура айтқан. Біреудің кемшілігін, өрескел ісін көрсе, табанда сын айтып, әжуалап, мысқылға айналдырады екен. Және сол әзіл-оспағын қысқа ғана, бір қақпай елеңмен жеткізген. Ал ондай елеңнің ешқандай әзірліксіз, аяқастынан айтылатыны белгілі. Теркін жұртына барып, жауыр айғыр жетектеп қайтқан келіншекті:

«Кім екен деп келіп ем, түйе қуған,
Қатын ғой күдцәрімен белін буған,
Теркінінің бергені жауыр айғыр,
Бауырынды үрайын бірге туған»,

- деп мазақтайтын Абай 14жаста. Ақынның балалық, жастық шағында суырып салып шығарған мұндай шумақтары аз болмаса керек. Ел арасына ауызекі тарап кеткен елеңдерін Ғабитхан молда мен Мүрсейітке жинап, қайта кешіруді берірек келген соң ғана тапсырған ақынның айтқан керде қалатын әзіл, сықақтарының кебісінің қағаз бетіне түспей, үміт болғаны сезсіз. Соған қарамастан бүгінгі оқырманға Абайдың осындай суырып салып, ауызша айтқан жиырмадан астам өлең-шумақтары жеткен. Ақынның біреудің мінін керген сәтте тап басып, бетіне айтуға деген бейімдігі есейген шағында да қалмаған, қайта осындай өзендерінің езінде оның ойы тереңдеп, тілі ұштала түскен. Жат қылық, оғаш мінез көрген жерде өленді бет-жүзің демейді, сынап отырған объектісін өлтіре, сілейте соғады. Күйеуін қанағат тұтпай, жеңіл жүріске салынған әйелді: «Сен шыққан жол үстінде жалғыз түп ши, Көрінген ит кетеді бір-бір сарып», - деп, дүйім жұртқа масқара ететін жолдар нағыз уытты тілмен айтылған, а№інныңашу-ызасын іркусіз теге салған әрі еткір. әрі көркем тармақтар. Абайдың мұндай тауып та. әділ айтатын шеберлігін 25.жыл бойы ақын жаныңдажуріп, ү^еңгілес жолдас болған Кекбай Жанатаев өз естеліктерінде айтып кеткен. Бір жолы Әріп пен Кекбай елең сезбен тір^сіңкіреп қалып, әңгіме әрқайсысының щьіққан тегі жайлы ыңғайсыздау тақырыпқа көше бастағанда Абай:

«Ақсұпы дүниеден ұлсыз өткен,
Енеден жалшысынан бала біткен,
Өкіреш найманда ұл болмаған соң,
Атасыз найман көп деп ап кеткен», -

деп, шындықты бір-ақ ауыз елеңмен айтып, екеуін де тоқтатқан. «Бойын бағып, қымтырылып, пәлен көрінем, түген көрінем деп қолдан пішін жасайтын мінезді кере бастаса, қытығына тигендей, жақтырмай қалатын. Ондайды кекетіп, мысқыл қылып, қалжыңмен өлең айтып жіберетін», -дейді Кекбай («Абай»журналы, 1918. 1. 51-бет). Бүл ақынның суырып салма өлең шығарғыш қасиетін ез кезімен керген адамның сөзі. Шынында да Абайдың ез замандастары Жақсылыққа, Көжекбайға, Назарға, Кекбайға, Дүйсенқұлға т. б. арнап айтқандары осындай ойламаған жерден тіліне оралған шумақтар. Ақынның мұндай өлең жолдары бірде өткір әжуаға құрылса, енді бірде зілсіз, жеңіл әзіл түрінде, біреудің оғаш қылығын жәй ғана қызықтау түрінде айтылады. Айында-жылында күйеуін әрең көретін қара қатынға, сыйлас адамдары Разақ пен Омарханға, әзілкеш әпенде Қиясбайға, Баймағамбетке, Мұқаммаразға, жақсы көретін немересі Бәкизатқа айтқандары осындай ойнақы қызықтау ғана. Оның «Әйелің Медет кызы, аты Өрім...», «Бөстегім, құтылдыңда Көтібақтан?...»т. б. суырып салма өлендері жәй ескерту түрінде айтқандары. Абай кейде осынау айналдырған бір шумақ өлеңдері арқылы үлкен әлеум. мәселелерді де қозғап, жеке адамның міні арқылы қоғамда етек алған ортақ кемшіліктерді де сынға алады. Мыс. , жас болыс Күзембайға айтқан «Уағалайкүмуссәлем...», әйел алып, тұрмыс құруды ойыншық етіп алған Дүйсенқұлға реніш білдіретін «Саудайы-ай, сауды алмадым-ау сыркауды алып...», арнайы діни білімі бар Ғабитханмен «Мұхтасар» сөзіне таласып келген Балғожаға тоқтау салатын «Ғалымнан надан артпас ұққанменен...» деп басталатын шумақтарында әлгі аты аталған адамдарды мысқыл ете отырып, ел ішінде етек алған надандықты, мансапқорлықты, жағымпаздықты, ойсыз-мақсатсыз тіршілікті тағы да бір түйреп өтеді. Осы орайда оның әсіресе «Белтілі сөз, өлді, өлді...», «Күшік асырап ит еттім...» деген шумақтары үлкен филос. ой толғайтын, ақынның мынау опасыз дүниеге күңіреніп отырып, лағнет айтатын сөздері. Ал ауыл-үйді алатайдай шулатқан, бейпіл ауыз, тентек бала Рахым шалға ыза болып: «Бүйтіп берген баланды, Берген құдай, өзің ал!» деген жолдары бүкіл жұрт атынан айтылған қарғыс іспетті. Абайдың суырып салма өлеңдері тапқырлығы ғана емес, көркемдік шеберлігі де ерекше туындылар. Әлгіндегі Рахым шалға айтқан сөздері: «Сұлу аттың көркі - жал, Адамзаттың көркі - мал, Өмір сүрген кісіге, Дәулет - қызық, бала - бал...» - деген мақалға бергісі мақамды шумақпен басталады. Өлеңнің екінші қорытынды шумағы да осындай. Абайдың өткен өмір жолына көз жүгіртіп, өкінішті зар-наламен күңіренетін:

«Күшік асырап, ит еттім,
Ол балтырымды қанатты,
Біреуге мылтық үйреттім,
Ол мерген болды,: мені атты»,

деген шумағы елеңді асықпай ойланып-толғанып жазған күннің өзінде көп ақынның қаламына орала бермейтін жолдар. Үйін тінтуге Семейден арнайы адам келгенде төбе басында жүрген ақын асығыс қайтып келе жатып сүрініп кеткен өзіне айтқан «Еріксіз түскен ылдидан...» деп басталатын шумағы да осындай өлең. Мазмұны терең, тілі кермек, қысқа да нұсқа дүниелер. Жарасымды мысқыл, орнықты ойға құрылған. Дегенмен, Абайдың суырып салма өлеңдері кебіне жеңіл тілмен, ойнақы түрде жазылады. Өлеңнің өзінен-ақ оның ауызекі шығарылғандығы көрініп тұрады. Ақын Күлем бай сәлемін ала сала: «Уағалайкүмүссәләм, Болыс, мал-жан аман ба? Мынадайға кез болдың, Аума-төкпе заманда, Ел билеген адам жоқ Ата менен бабаңда. Болыстықтан пайда қып, Шығыныңды алсаң, жаман ба? Қалжыңдаймын әншейін, Оған келе де бермес шамаң да», - деп, амандық-саулық сұрай отырып, қалжың арасында оның ата-тегінде ел билеген адамның жоқтығын ескертіп, әрі шығыныңды қайтаруға да шамаң келмес деп іштен шалады. Бәрі үйлесімді, жарасып-ақ түр. Тіпті Күлем бай ренжитіндей ештеңе айтпаған сияқты. Өйткені ақын оны қатты сынға алуды мақсат етпеген. Абай суырып салма өлеңдерінде де үлкен жаңашыл ақын ретінде көрінеді. Оның әр шумағы бас-аяғы бүтін, айтпақ ойын толық жеткізген, тұтас дүниелер. Түрлік, көркемдік жағынан Абай ақындығының исі аңқып тұратын туындылар. Сөйтіп ақын суырып салу өнерінде де көп ақынға үлгі көрсетіп кеткен.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9