Болат Нұретдинұлы Жұмаділов (1973 жылы туылған, Жетібай ауылы, Байзақ ауданы, Жамбыл облысы) – боксшы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері (1995), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2000), әуесқой бокстан әлес чемпионы (1999), Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері (1996,2000).
Бокспен 12 жасынан бастап айналысқан. 1990 – 97 жылдары аралығында Қазақстанның, ТМД елдерінің (1992) чемпионы.
Алғашқы жаттықтырушысы Ф.Цой болды (Тараз қаласы). Орталық Азия ойындарының (1995, 1997), 2-ші Шығыс Азия ойындарының (1997, Пусан, Корея) чемпионы. Жұмаділов Дүние жүзі чемпионаттарының (1995 жылы, Берлин, Германия, 1997 жылы, Будапешт, Венгрия) қола, 26-Олимпиада ойындарының (1996, Атланта, АҚШ) күміс және Дүние жүзі чемпионатының (1999, Хьюстон, АҚШ) алтын, 27-Олимпиада ойындарының (2000, Сидней, Австралия) күміс жүлдегері. “Құрмет” орденімен марапатталған.[1]