Алматы сәндік және қолданбалы өнер колледжі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
(Алматы көркемсурет училищесі бетінен бағытталды)
Навигацияға өту Іздеуге өту

Aлматы сәндік және қолданбалы өнер колледжі - Орал Таңсықбаев атындағы — оқу орны. Суретші-безендіруші, мүсінші, театр суретшісі, қолданбалы өнер суретшісі мамандарын даярлайды.[1]

  • 1938 жылы қазақ көркем сурет училищесі болып ашылған, мұнда алғашқы жылдары бір мамандық (орта мектептің сурет пәнінің мұғалімі) бойынша кадр даярлады.
  • 1941 жылы театр училищесімен қосылып, қазақ мемлекеттік театр-көркем-сурет училищесі болып қайта құрылды.
  • 1954 жылы Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркем-сурет училищесі болып өзгертілді.
  • 1992 жылы училищеге О.Таңсықбаев есімі берілді.
  • 1995 жылдан қазіргі атымен белгілі. Колледжде қазірде кескіндеме, театр безендірушісі, мүсінші, көркем-таңба, көркемдеп ағаш өңдеуші, қыш бұйымдарын көркемдеуші, көркемдеп металл өңдеуші, көркемдеп мата безендіруші, көркемдеуші-суретші мамандықтары бойынша кадрлар даярланады.

Жоғары білікті 42 оқытушы дәріс береді. Олардың 12-сі ҚР Суретшілер одағының мүшесі, екеуі ағарту ісінің озаты, біреуі Республиканың еңбек сіңірген өнер қайраткері (1998). Қазакстанға белгілі кескіндемешілер А.Ғалымбаева, М.Кенбаев, С.Мәмбеев, Н.Нұрмұхамедов, Қ.Телжанов, т.б. осы колледж түлектері.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, "Білім" баспасы. 2005 ж. — 576 бет.ISBN 9965-09-134-Х